2023 жылы Қазақстанның өңделген уран экспорты 24 пайызға қысқарды

2023 жылы Қазақстанның өңделген уран экспортының төмендеуі 24%-дан астам, ферроқорытпалар бойынша – 15,5%-ды құрады, деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

«Қазақстаннан өңделген тауарлар экспорты 2023 жылы 6%-ға, ал 2024 жылдың бірінші тоқсанында – 6,5%-ға қысқарды, оның ішінде уран бойынша – 24%-дан астам, ферроқорытпалар бойынша – 15,5%-ға төмендеді», – деді Әшімбаев.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің 40 пайызға жуығы металлургиядан келеді. Бұл негізінен құны төмен өнімдер, аралық тұтыну тауарлары, негізінен өнеркәсіптік шикізаттар.

Өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 10 жыл ішінде екі есе өсті. Бұл ретте оның 96 пайызы шағын бизнеске, 2,5 пайызы орта бизнеске, 1 пайызға жуығы ірі бизнеске тиесілі.