Анна Данилина Мароккодағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – қытайлық Сюй Ифань ширек финалда ұлыбританиялық Хэрриет Дарт – тағы бір қытайлық Сю Ванмен тартысты кездесу өткізді.

Бірінші партияда ұлыбританиялық-қытайлық жұп бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екіншісінде қазақстандық-қытайлық дуэт есе қайырды – 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңіс Данилина мен Ифаньның қанжығасында кетті – 10:7. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде екеуі 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Дарт – Ван 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Анна Данилина – Сюй Ифань финалға шығу үшін жапониялықтар Эри Ходзуми – Макото Ниномиямен таласады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Женева (Швейцария) ATP 250 жарысының жартылай финалына шыға алмай қалды. Олар екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта доданың 1-ракеткалары, монаколық Хьюго Нис – поляк Ян Зелинскиге жол берді – 6:7 (8:10), 6:1, 12:14.

Фото: ҚТФ