Александр Бублик Франциядағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Лион (Франция) АТР 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 93-орында тұрған аустралиялық Александар Вукичпен бетпе-бет келді.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 11 минутқа созылған бәсекеде қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Бублик 10 эйспен бірге 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Вукич 3 эйспен шектелді.

Александр Бублик келесі ойында әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Павел Котовты сүріндірсе, жартылай финалға шығады.

Фото: ҚТФ