Еуроодақ елдері шетелдік агенттер туралы заңға байланысты Грузияның НАТО-ға жолын жауып тастаймыз деп қорқытты

Латвия, Эстония, Исландия және Литва сыртқы істер министрлері Грузияда «шетел агенттері туралы» заң ресми түрде қабылданғаннан кейін Грузияға келді, деп хабарлайды Baltnews.

Литва Сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергис бұл заңның қабылдануы Грузияның Еуроодақ пен НАТО-ға жолын жауып тастайтынын айтты. Сонымен бірге ол Грузия үкіметінде жағдайдан шығудың әлі де жолы бар екенін атап өтті. Ол үшін билік партиясы қазірдің өзінде қабылданған заңды толығымен кері қайтарып алуы керек.

Эстония Сыртқы істер министрі Маргус Цахкна өз кезегінде адам құқығын бұзғаны үшін ЕО Грузияға қарсы санкциялар салуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, осы заңға байланысты Брюссель де Грузиямен визасыз режимді жоюы мүмкін