Путин Украинадағы соғысты тоқтатудың екі шартын атады

Путин
Фото: er.ru

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен бейбіт келіссөздерді бастаудың екі негізгі шартын ұсынды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Біріншісі, Украин әскерін Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарының аумағынан шығару, екіншісі Украинаның НАТО-ға кіруден бас тартуы. Мәлімдеме Ресей шақырылмаған Швейцарияда бейбітшілік саммитінің басталу қарсаңында айтылды. Киев Путиннің ұсынысы орындалмайтынын айтты.

«Киев (Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарының аумақтарынан) әскерді шығаруға дайын екенін және нақты шығарыла бастайтынын мәлімдегеннен кейін және НАТО-ға кіруден бас тарту туралы мәлімдегеннен кейін, біз дереу атысты тоқтатып, келіссөздерді бастаймыз», — деді Путин СІМ басшылығымен кездесуде сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар Путин украин әскері осы аймақтардың аумақтарын толығымен тастап кетуі керек екенін атап өтті.

Путин қақтығысты тоқтату үшін өзінің шарттарын сенбіде Швейцарияның Бюргенстокта басталатын, Украина ұйымдастырған Бейбітшілік саммиті қарсаңында айтты.