Зейнеткер Ақтаудан Парижге велосипедпен жол жүрді

Ер адам 5 мың шақырымды бағындыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды lada.kz. Бейнеу өңірінің тумасы, 64 жастағы Раббим Борашев 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына велосаяхатқа аттанды. Жоспар бойынша ол жеті мемлекеттің аумағын басып өткісі келеді.

Айта кетсек екі жердің арақашықтығы 5 мың шақырымды құрайды.

«Олимпиадаға бару менің арманым деп айта аламыз. Жас кезімде мүмкіндік жоқ еді, енді уақыт келді, мен осындай шешім қабылдадым. Алдымен Ақтаудан Бакуге барамын. Онда Қазақстан Республикасының Бас консулдығының өкілдері күтіп алып, Грузиямен шекараға дейін мені ертіп барады. Бұл мен үшін үлкен қолдау. Содан кейін мен Батумиге барып, «Ұлы далаға жорық» жобасына қатысамын. Маусым айында Түркияға кетемін. Венгрия, Австрия, Германия елдерін аралап, Францияға жетуді жоспарлап отырмын», — деп бөлісті Раббим Борашев.