Құлсары қаласында 100-ден астам үй әлі су ортасында тұр

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар 2 815 үйден суды сору жұмыстарын жүргізген.

«Өңірдегі эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар. Олардың 430-ы балалар. Құлсары қаласында екінші тәулік бойы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақтөбелік әскери қызметшілері қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Ауру тудыратын микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің таралуын болдырмау үшін 20982 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау ротасының жиынтық құтқару тобы жұмыс істеп жүр», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Атырау облысында су тасқынына байланысты 7 сәуірде енгізілген ТЖ режимі әлі де сақталып отыр.