«Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қарым-қатынас тіліне айналады»: Тоқаев — елдегі тіл мәселесі туралы

Президент қоғамда кез келген этникалық ерекшелік пен оқшаулану көріністеріне, оның ішінде арандатушылық пен азаматтарды мәдени, тілдік, этникалық немесе діни негіздегі кемсітушілікке төзбеушілік ахуалын қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

«Көптеген елдер үшін тіл мәселесі өзекті болып қала береді. Біз сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, осы аса сезімтал салада стратегиялық ұстамдылық пен төзімділік танытуымыз керек. Бірақ бұл уақыт өте келе этносаралық қарым-қатынас тіліне айналатынына сенімдімін «, — деп атап өтті Тоқаев.