Қазақстан ертең Дэвид Кэмеронның келуін күтуде

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі, қазіргі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және даму істері министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары 2024 жылғы 24-25 сәуірде өтеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Астанада болған кезінде Кэмеронды ел басшылығы қабылдап, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізеді.

Сапар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарлануда. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде, делінген ведомство хабарламасында.