Ресей қорғаныс министрі Солтүстік Кореяға барды (ВИДЕО)

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Корей Халық Демократиялық Республикасына іс-сапармен барды.

Оны Солтүстік Корея армиясының генералы Кан сун Нам Пхеньян қаласының халықаралық әуежайында сән-салтанатпен қарсы алды.

Ресей БАҚ хабарлауынша, Шойгу бастаған Ресей делегациясы Солтүстік Кореяға корей халқының 1950 – 1953 жылдардағы азаттық соғысындағы жеңісінің 70 жылдық мерейтойына қатысуға келген.

Қолда бар тағы бір мәліметке қарағанда, РФ қорғаныс министрі осы іс-шара кезінде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ыннан Украинамен соғысу үшін қару-жарақ сұрауға келген деседі. Ал Ресей қорғаныс ведомствосында Шойгудың сапары екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайтуға арналған деп хабарлады.

Осы жерде атап өтетін бірн нәрсе, Солтүстік Корея БҰҰ мінберінен Ресейдің Украинаға басқыншылық саясатын қолдап келе жатқан елдердің бірі.

Солтүстік Корея былтыр Ресей Украинаның оңтүстігі мен шығысында орналасқан төрт облысын басып алғанда басқыншылыққа қолдау көрсеткен елдердің бірі болды.