Орал қаласында тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде

Орал қаласының маңында орналасқан Космос және Комаров саяжайларының ауданында бұрын үйлерінен кетуден бас тартқан жергілікті тұрғындар шұғыл эвакуациялануда. Осы сағатта  құтқарушылар үйлерінің төбесінде тұрған 4 жергілікті тұрғынды құтқарды,- деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Азаматтарды су басқан аймақтан эвакуациялау арнайы операциясы ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің үйлестіруімен жүргізілуде.  Тікұшақ әуеге көтерілді.  Жұмыстар жүзу құралдарымен жүргізілуде. Адамдарды іздеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды.
Эвакуация процессінің бейнежазбасын ҚР ТЖМ Telegram каналындан көре аласыздар: