Су тасқынынан зардап шеккендерге тегін заңгерлік қызмет іске қосылды

Су тасқынынан зардап шеккендерге тегін заңгерлік қызмет үшін бірыңғай байланыс орталығына (+7 708 706 4242) хабарласу керек.

Мал-мүлкі мен баспанасын топан су шайған тұрғындар құжаттарға байланысты қандайда бір қиыншылыққа тап болса, онлайн заңгерлік көмекке жүгіне алады. «Ұлттық волонтёрлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Гүлжәмилә Қамарованың айтуынша, бүгіннен бастап өтініштерді қабылдау басталды.