Қазақстан академиялық есуден Парижге бірінші олимпиадалық лицензияны жеңіп алды

Қазақстан Париждегі Ойындарға алғашқы олимпиадалық лицензияны академиялық есуден алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

«Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өткен Азия елдеріне арналған лицензиялық турнирде Владислав Яковлев 2000 метрлік жеке жарыста алтын жеңіп алды. Бұл нәтиже оған 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берді «, — делінген хабарламада.

Енді Қазақстанның 43 олимпиадалық лицензиясы бар.