Жайық өзені бойындағы 80 елдімекенді су басу қаупі бар

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ерхан Тәткен мәлім етті.

Соңғы ақпарат бойынша, Орал қаласындағы Жайықтың деңгейі қауіпті межеден 4 см-ге асқан. Қазіргі су деңгейі 854 см құрап отыр. Ал Көшім ауылы тұсында Жайықтағы су деңгейі бір тәулікте 22 см-ге көтеріліп, 838 см құрады.

Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы 166 пайызға толған. Мұнда судың деңгейі 348 см-ге жеткен.-Qazaqstan.tv