Қызылордада қоймалар жанып кетті

Қызылордада қоймалар жанып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қызылордада, Сужиков көшесінде жеке тұрған бір қабатты қойма ғимаратында өрт шықты. Арнайы техникадан жиналған дөңгелектер мен екі шаруашылық ғимараты жанып тұр. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 200 шаршы метр алаңда өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ «, — делінген сенбі күнгі хабарламада.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.