Өзбек бауырлардан көмек

Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 15 жүк көлігін жіберді. Көмекке азық-түлік, киім-кешек, төсек жабдықтары, гигиеналық құралдар, шатырлар мен резеңке қайықтар кірді, деп хабарлады Өзбекстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.