Ер адам мас күйінде полиция қызметкеріне оқ атқан

17 сәуірде Алматы облысының елді мекендерінің бірінде, шақыру кезінде жергілікті тұрғын мылтықтан Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік полиция инспекторына оқ атқан.

Нәтижесінде полиция қызметкері қолынан оқ жарақатын алды. Жараланғанына қарамастан, тәртіп сақшысы мас күйінде болған отбасылық дебоширді өз бетінше ұстап, залалсыздандырды.

«Ер адамның іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды», — деп хабарлады ІІМ.