Балқаш ауданында Сібір жарасына қарсы егу науқаны жалғасуда

Ауданда мал шаруашылығы дамығандықтан мұндағы халықтың басты табыс көзі де осы сала. Аймақта екі мал бордақылау алаңы, 838 шаруа қожалығы, 27220 жылқы,126896 қой мен ешкі және 130 бас түйе мен 20 мыңнан астам құс тірлкенген. Өңірде мал азығы тапшылығы жоқ. Ауданда 701 3047 га жайылымдық жер.

Шұрайлы жерде мал шаруашылығымен айналысатындардың бір парасы жергілікті халық арал деп аталатын маңда орналасқан. Соның ішіндегі ең ірісі «Айсәуле» шаруа қожалығы. Аудан орталығы Бақанастан 150 шақырымдай жерде орналасқан. 2017 жылы 130 бас ірі қарамен басталған шаруашылық, бүгінге іргесін көмген ата кәсіпке айналған. Қазіргі таңда қожалықта 300 бас жылқы 400 бас сиыр бар. Мұндағы барлық жануар жергілікті мал дәрігерлерінің жіті назарында.

«Шаруашылықты бастаған кезден бастап жұмысымыз ілгері басуда. Мемлекеттен тұрақты түрде субсидия аламын. Бұлда жұмыстың алға басуына үлкен көмек. Мал дәрігерлері де уақытылы жануарларды қарап тұрады. Мемлекеттен тегін вакцина беріп, салып беріп жатыр. Бүгін ірі қараны Сібір жарасына қарсы егеміз»,-деді қожалық иесі Нұрлан Бекайдар.

Айта кетейік, Балқаш ауданында 99 мың ірі қара мал Сібір жарасына қарсы екпе алған. Сонымен қатар, 104 мың ұсақ мал, 27мыңнан астам жылқы мен 80 түйе індетке қарсы егілген.

«Бүгін «Айсәуле» шаруа қожалығына келіп, Сібір жарасына қарсы екпе салып жатырмыз. Көктал ауылдық округінде 9760 бас ірі қара мал бар. Соның ішінде 3250-і егілді. Ауылдық округте 52 шаруа қожалығы тіркелген. Соның 36-да егу жұмыстары аяқталды»,-дейді Көктал ауылдық округінің мал дәрігері Нұрлан Андасбаев.

Мамандардың айтуынша, Сібір жарасына қарсы жануарларды егуге казбиофарм ұлттық холдингі АҚ-ның екпесі қолданылады .1 құты 50 бас малды егуге жеткілікті.