Қазақстанда су тасқыны салдарынан 600-ден астам мұнай ұңғымалары жұмысын тоқтатты

Су тасқыны салдарынан Ақтөбе және Атырау облыстарында 634 Мұнай ұңғымасы жұмысын тоқтатты.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, мұнай өндірудің шығыны 16 мың тоннаны құрады. Жұмысын уақытша тоқтатуға тура келген 634 ұңғыманың 141-і өндірісті қалпына келтірді.

Отын құнына министрліктің мәліметінше, су тасқыны әсер еткен жоқ.

«»Халықтық» АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы елдің барлық аумағында, бірінші кезекте су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде бірдей деңгейде қалып отыр. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде арнайы техника үшін дизель отынының қоры жеткілікті және тәулік бойы және үздіксіз толтырылады», — деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігі.