Құлсары тұрғындарының «Сергекке» түскен айыппұлдары кешіріледі – депутат

Су басқан Атырау облысынан оралған Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай зардап шеккен халықтың өтініші орындалғанын хабарлады.

Мәжілісменнің айтуынша, халықпен кездесу кезінде тұрғындар «Сергектен» айыппұлдар келіп жатқанын айтып шағымданған. Қауіп төнгенде алды-артына қарамай, адамдарды эвакуациялауға көмектескен тұрғындар да жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл арқалаған. Тұрғындар депутаттарға сол айыппұлдар кешірілсе деген өтінішін жеткізіпті.

1 сәуірден бастан Құлсары бойынша «Сергекке» түскен айыппұлдардың барлығы кешіріледі. Атыраумен сөйлестік, деректер базасын тазартып жатыр. Одан бөлек те арыз-шағымдарыңызды Мәжілістің жалпы отырысында айтамыз, — деді Толықбай.

Фото: astana_sergek