Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін сағат 8-ден 14-ке дейін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы мәлімдеді. 

«Осы жылдың 29 сәуірі сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы «ҚТЖ» АҚ техникалық жолаушылар паркі аумағында (Шу көшесінің аяғы, әл-Фараби даңғылы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысында) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізбекші. Іс-шараның мақсаты — жедел штаб күштері мен құралдарының террористік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша міндеттерін орындауға дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу кезінде барлық күрделі элементтер қолданылады»,– делінген хабарламада.