Президент Қостанай облысының су басқан аумақтарын айналып өтті

Қостанайдағы жағдаймен Қасым-Жомарт Тоқаевты әкім Құмар Ақсақалов таныстырды.

ТЖ облыстың алты өңірінде жарияланды. 492 ауылдың ішінде 11 елді мекен су тасқынынан ең көп зардап шекті. Бүгінгі таңда жағдай қалыпқа келді, бірақ 51 үй су астында қалды.

4 көпір, 7 жол учаскесі шайылып, 1 414 электр желілерінің тіректері бүлінген. Нәтижесінде Қостанай мен облыстың оңтүстік аудандары арасында көлік қатынасымен, сондай-ақ 13 елді мекенді электрмен жабдықтаумен уақытша проблемалар туындады.

Бөгеттерді нығайту, инертті материалдарды төгу арқасында Тобыл қаласын, Амангелді ауданының орталығын және басқа да елді мекендерді су басуға жол берілмеді.