Алматыда мопедист автокөлік пен соқтығысып қайтыс болды

Қайғылы нәтиже болған жол апаты  Төле би мен Шәріпов көшелерінің қиылысында орын алды. Оқиға орнында біздің тілшімізге мопед жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына жоғары жылдамдықпен өтіп, басқа мопедке соғылып, содан кейін ұшып бара жатып Lexus GX460 автокөлігімен соқтығысқанын хабарлады.

Біздің тілшіміздің айтуы бойынша: соққы қатты болғаны соншалық, мопед бірнеше бөліктерге бөлінген екен. Шамасы, мопедист арнайы шлемсіз болған, өйткені апат болған жерде шлем табылған жоқ. Жас жігіт жерге басымен құлап, басынан ауыр жарақат алып, дәрігерлер келгенге дейін сол жерде қайтыс болған

Марқұм 2003 жылғы жас жігіт деп хабарлайды.