Тоқаев «Астана» халықаралық форумын осы жылға тоқтатты

Қасымжомарт Тоқаев жойқын су тасқынының салдарын жою үшін, қаражатты үнемдеу мақсатында 13-14 маусымда өтетін «Астана» халықаралық форумын өткізуді тоқтатуға шешім қабылдады.

«Қазақстанда бұрын — соңды болмаған су тасқынына және ауқымды қиратулардың салдарын жою және ел азаматтарына көмек көрсету үшін қаржы қаражатын үнемдеу қажеттілігіне байланысты, мен осы жылдың 13-14 маусымында Астана халықаралық форумын өткізуді тоқтату туралы шешім қабылдадым», — деп жазды «X» желісінде .

«Іс — шараға шақырылған қатысушылар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп үміттенемін», — деп атап өтті Тоқаев.

Астана Халықаралық форумы 2025 жылы жұмысын қайта бастайды.