Орынбор облысының Орск қаласында су басқан аумақтардағы мүлікті қорғау үшін полиция жасақтары жұмыс жасауда

Ресей ІІМ-нің нақтылауынша, тәртіпті сақтауға облыстың басқа аудандарынан да 900-ден астам полиция қызметкері тартылған. Барлық су басқан аумақтарда тәулік бойы полиция кезекшілігі ұйымдастырылған. Су басқан аумақты патрульдеу қайықтарда жүргізілуде, волонтерлердің жүзу құралдары да қолданылуда. 

Облыстық Ішкі істер департаменті жергілікті тұрғындардан су басқан аумақтардағы заңсыз әрекеттер болған жағдайда нақты мекенжайды анықтап дереу патрульдік полиция қызметкерлеріне немесе 02, 102, 112, 29-55-00 телефондары арқылы хабарлауды сұрады.

Желіде бұған дейін су тасқыны кезінде қымбат мүлікті ұрламақ болған тонаушылардың ұсталғаны туралы хабар болған. Кейбір адамдар көмектесу үшін бар күш-жігерін аямаса, кейбір «тұлғалар» ұрлық жасау үшін жағдайды пайдаланады.