Алакөл көкпаршылары өз таңдауын жасады

Алакөл ауданы, Ырғайты ауылдық округі, Көктұма ауылының №67 сайлау учаскесінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңына ұйымдастырылған “Көкпар” ойынының қатысушылары байламшасын бастырып, атқа мініп сайлауда елінің болашағына үлкен үміт арта отырып өз таңдауларын жасап, дауыс берді.Маңызды күнде азаматтық міндеттерін ескере отырып: 

«Қазір барлығымыз құрғақ сөздерден арыла отырып, азаматтық парызымызды орындауға тиіспіз. «Ел болашағы- жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Бүгінгі сайлау өте жақсы деңгейде өтіп жатқаны көңілімізге медеу. Ал сол деңгейді одан әрі жақсартатын қоғамның негізгі қозғаушы күші ол біз жастар және қалың халық. Баршыларыңызды маңызды күнде дауыс беруге шақырамын» дейді.