Премьер-министр Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты

Nazarbayev University-де Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Жоғары Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес мүшелері NU-дың жоғары функционалды зертханаларымен және ғалымдардың жаңа әзірлемелерімен танысты.

Ғалымдар қазақстандықтардың «генетикалық бейнесін» құруда. Бұл жұмыс, мысалы, ауруларға бейімділікті анықтауға көмектеседі. NU ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының ғалымдар тобы суды тазарту және сутегі генерациясы бойынша зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін I-NURA үдеткішін ұсынды.

«Университет ғылыми және білім беру ресурстарын дамытуды күшейтіп, өз әзірлемелерін коммерцияландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестікті нығайтуы қажет. Мұның барлығы ғылымның ел экономикасына қосатын үлесін арттыруға ықпал етеді. Зияткерлік мектептердің әлеуетін өңірлердегі мектептерді қолдау үшін барынша пайдалану керек. Біздің міндетіміз – балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.