Jusan Bank басқарма төрағасы болып бұрыңғы Kaspi Bank орынбасары Гүлмира Джумадиллаева тағайындалды

Jusan Bank акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Гүлмира Джумадиллаеваны Банк Басқармасының төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады.

Гульмира Джумадиллаева банк саласында 25 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді, оның ішінде шамамен 20 жыл — көшбасшылық позицияларда. 2007 жылдан 2021 жылға дейін ол Kaspi Bank Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарым келді. Оған дейін «Нұрбанк» АҚ-да жұмыс істеді.

Еске салайық,2021 жылы Jusan Bank және басқа да бірқатар ірі телекоммуникациялық, ауылшаруашылық және басқа салалардың активтерін қамтитын Jusan тобы жоспарланған іс-қимылдар нәтижесінде шетелдік юрисдикцияға шығарылды. Қазақстан Үкіметі іс жүзінде оған бақылауды жоғалтты деп хабарланды.