АҚШ гипердыбыстық зымыранды құпия сынақтан өткізді — CNN

Фото: Gary Hershorn/Getty Images

АҚШ әскері наурыз айының ортасында гипердыбыстық зымыранды сынақтан өткізді, бірақ Ресеймен шиеленісті ұлғайтпау үшін оны құпия ұстады. Бұл туралы CNN жариялады, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

Арнаның айтуынша, сынақ сәтті өткен. АҚШ билігі Ресеймен шиеленісті күшейтпеу үшін сынақ туралы хабарламауды шешті.

Ол В-52 бомбалаушы ұшағынан ұшырылған.

Хабар таратушы HAWC бағдарламасы бұл гипердыбыстық қарудың екінші сәтті сынағы екенін атап көрсетеді. Біріншісі өткен жылдың қыркүйек айында өткен.

“ozgeris.info” порталы