Қостанай облысындағы «Желқуар» өткізу пункті уақытша жабылды

ҰҚК «Желқуар» өткізу пункті жұмысының тоқтатылғанын мәлімдеді.

«ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 2024 жылғы 29 наурыздан бастап «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылғанын хабарлайды», — делінген хабарламада.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.

Фото: pixabay.com