Бірінші вице-премьер Роман Скляр су тасып жатқан Ақтөбе облысына келді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі су тасқыны жағдайымен, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында бірінші вице-премьер Ақтөбе су қоймасының ағымдағы жай-күйін тексерді, ол еріген қар суының шамадан тыс жиналуы салдарынан толып кеткен. Су қоймасындағы суды ағызып жіберу нәтижесінде Елек және Қарғалы өзендерінің бойында орналасқан Ақтөбе қаласының саяжайлары су астында қалды. Қазіргі уақытта су қоймасы 100%-ға толған, су гидротехникалық құрылыстар арқылы секундына 1 000 текше метр қарқынмен жіберіліп жатыр. Р. Скляр су қоймасының жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, ал су жіберу бойынша барлық жұмысты жергілікті атқарушы органдармен келісуді тапсырды.

Бүгінгі жағдай бойынша облыстың үш ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір) және Ақтөбе қаласында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. 6 ауданда электр қуаты апатты түрде ажыратылып, 200-ге жуық үй су астында қалды, 2 870 адам эвакуацияланды.