Айы-күні жеткен жүкті әйел перзентханаға жете алмай, қар құрсауында қалып қойған

Ақтөбелік құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізді. 

Құтқарушыларға Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылынан хабар түскен.

Онда жүкті әйелдің Мұғалжар орталық аудандық ауруханасына бара алмай жатқаны, көлік қар құрсауында қалып қойғаны айтылған.

Ішінде Мұғалжар ауданы № 8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алматы Мұратжанұлы, жүргізуші Азат Жамбылұлы, Мұғалжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Нұрбек Тілегенұлы бар бір топ құтқарушы оқиға орнына шұғыл аттанды.

Олар аяғы ауыр әйелді Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына аман-есен жеткізді.