Алматыда барлық жиналу пунктілері ашық — әкімдік

Алматы әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тан бастап шұғыл штабта жиналыс өткізіп, қосымша іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр.

Қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қосылған. Қалалық полиция бөлімі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Барлық мектеп мен балабақша ашық, жиналу пунктілері жұмыс істеп тұр.

Жедел жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы аурухана, соның ішінде мамандандырылған аурухана, балалар ауруханалары, перзентханалар жұмысы жақсартылған режимде ұйымдастырылған.

Сенімсіз ақпаратты таратпауды және сенбеуді сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі