Алматыда жер сілкінісінен бірнеше ғимарат бүлінді

4 наурызда Алматы қаласында сағат 11.22-де тіркелген жер сілкінісі кезінде бірнеше ғимараттың қабырғасы жарылған. 

Қаладағы жер дүмпуінен Аграрлық университеті, ҚазҰПУ студенттері фото-видеолар түсіріп алған.

Бұл көріністердің фото-видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Естеріңізге сала кетсек, қазір Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты.

Сонымен қатар, алматылық оқушылар мен студенттер сабақтан босатылды.