Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған үйді салған мердігер 18 жылға сотталды

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған үйді салған мердігері Мүслим Демирер 18 жыл 1,5 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды. 

Бір жыл бұрын болған жойқын жер сілкінісі кезінде аймақтағы үйлердің қирауына байланысты сот процесі әлі жалғасып жатыр.

Шанлыурфада бір үй құлап, 34 адам қаза тапқан болатын. Ғимараттың құрылысына жауаптылардың үшеуі жер сілкінісіне дейін қайтыс болған.

Бастапқыда сот Мүслим Демирерді 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Демирердің ұлы да жер сілкінісі кезінде үйлердің құлауынан қаза тапты. Сот осы мән-жайды ескеріп, мердігерге берілген мерзімді қысқартты. Прокурорлар мен марқұмдардың жақындары соттан Демирерге ең ауыр жаза тағайындауды сұраған.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында эпицентрі Кахраманмарашта магнитудасы 7-ден асатын екі ірі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Фото: aa.com.tr