Қонаев қаласында Жер қатынастары бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаевтың өкімімен Жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына Исахан Талғат Ерланбекұлы тағайындалды.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Талғат Исахан 1994 жылы Алматы облысы Балқаш ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2013 жылы Алматы қаласының заң колледжін, 2018 жылы «Алматы» университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013 жылы Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының инспекторы болып бастаған. Әр жылдары осы басқармада бөлімнің жетекші маман, бас маманы, қазынашылық департаментінде бас маман, Алматы облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде бөлімнің бас маманы болып қызмет атқарған. Бұған дейін Алматы облыстық жер қатынастары басқармасында бөлім басшысы болған.

Фото: Қонаев қаласы әкімдігі