Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттан» кеткенін мәлімдеді

Халық ықыласына бөленген “Астарлы ақиқат” бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепберген жобадан кеткенін мәлімдеді. 

“»Студияда 1500 сағат, 600 бағдарлама, 13 өмір. Осымен «Астарлы ақиқатты» жүргізуді тоқтатып жатқанымды жеткіземін. Мен сепарация туралы жиі айтамын. Бұл балаларымызға ғана емес, туындыларымызға да қатысты. Тұла бойым тұңғышыма айналған «Астарлы ақиқат» өз анасын күлімсіретті, көкке көтерді, кейде күрсіндірді де. Бастысы – біз екеуіміз де жылағанның жасын сүрттік, құлағанды қолтығынан демедік,тарпаң тағдырдан тарыққанға жол ашуға тырыстық”, – деп еске алды өткен күнді ол.

“Әр нәрсенің өз орны, өз уақыты болады. Осыдан 13 жыл бұрын, 2011 жылдың 18 қыркүйегінде 27 жастағы Динаға эфир тізгіні бұйырғанда, мен бағдарламаға жан бітіріп, оны жалпыұлттық деңгейге жеткізем деп ойламаған едім. Бірақ сіздер мені өз отбасыңыздың мүшесі ретінде қабылдап, Күнде кешкісін менімен бірге болдыңыздар. Рақмет сіздерге! Эфирмен қоштасуымды қарыштауға қадам деп тілекші болыңыз», – деді Дина Төлепберген.

Фото: Астарлы ақиқат