Тұран университеті

Бүгінгідей жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда бірінші орында. Мемлекетіміздің дамып, жетілуі үшін сапалы білімнің кілті ғана болашаққа жетелейді. Арман мен мақсат үндескен тұста, таңдау мен талғамның орны бір бөлек.

Тұран университеті  студенттерге бакалавриаттың 28 білім беру бағдарламасы бойынша, магистратураның 18 бағдарламасы бойынша, докторантураның 6 бағдарламасы бойынша 4 факультетте: Экономика, Гуманитарлық-заң, «Сандық технологиялар және өнер» және STEM Ағылшын тіліндегі бағдарламалар факультетінде білім береді.Оқу орнында студенттердің білім алуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Мекемеде спорт алаңы,  көрерменге арналған алаң және футбол алаңы бар. Қалашықтың барлық территориясында  сымсыз жүйе «WIFI» жұмыс істейді. Студенттер  үшін тағы бір ерекше аймақ Тұран  кітапханасы. Университетте сонымен бірге Apple Digital Lab зертханасы ашылды. Жоба шеңберінде балалар мен жастарға Apple компаниясы әзірлеген білім беру бағдарламаларына қол жетімділік бар.

Университетте 700-ден астам дербес компьютер бар. Ішкі жүйені қуатты сервер қолдайды. «Тұран» университеті студенттерге және университет қызметкерлеріне әлемнің 54 елінде дерлік кез-келген университетте өздерінің корпоративті логинімен тегін Wi-Fi байланысын пайдалануға мүмкіндік береді.

Студенттер мемлекеттік гранттар мен университет ректорының гранттары бойынша оқи алады. Үздік студенттер қазақстандық және шетелдік компаниялар мен ұйымдардың стипендиясына өтініш бере алады. Мұның бәрі студенттерге олардың одан әрі жұмысқа орналасуы және қазіргі қоғамның бәсекелестік ортасында дамуы үшін сапалы білім беруге мүмкіндік береді.

Ендігі кезекте журналистика факультеті жайында сөз өрбітсем. Журналистика факультетінде студенттердің практика жүзінде білімдерін жетілдіруіне  бар мүмкіндіктер қарастырылған. Телестудияда студенттердің барлығы дерлік жалпы журналисттің білуі керек міндеттерін толық меңгеріп шығады, жаңалықтар топтамасын әзірлеу, эфирлік бағдарламаны жоспарлау, кадр сыртындағы мәтінді оқу, эфирге шығу сынды т.б. тәжірибеден өтеді. Студенттердің жасаған жобалары мен жаңалықтар қызметі, сұхбаттар «Тұран» арнасы мен «Тұран» радиосы арқылы қалашықтағы студенттерге таратылады.

Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі жарқын болашақ. Білім беру жүйесіндегі өзгерістердің оң нәтиже беруі үшін , мұғалімдердің аянбай тер төгуі қажет! Елбасымыз «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген, олай болса жұмыла көтерген жүк жеңіл, мен де Қазақстанның болашағына, қазақ білімінің өркендеуі жолында қолымнан келгенше еңбек етемін!