Алматы облысында зілзаладан кейін жаңа салынған мектептің қабырғалары жарылып кетті

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғалары жарылды. 

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан мектеп қабырғаларындағы үлкен жарықтарды көруге болады.

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарық жер сілкінісіне дейін де болғанын жеткізді.

«Алайда жер сілкінісінен кейін жарықшақ 10 сантиметрге дейін кеңейіп кеткен. Бұл мектепте бүгінде 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. Төтенше жағдайлар басқармасы апатты жағдай деп танымады», — деп атап өтті аудандық білім бөлімінен.