4,5 жыл берген: Жамбыл облысында 19 жастағы жігітті 19 рет пышақтады деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Жамбыл облысы Меркі ауданында 19 жастағы жігітті 19 жерінен пышақтап өлтіргендерге сот үкімі шықты.

2022 жылдың соңында Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы спортшы Алмас Әміров пышақ жарақатынан мерт болды.

Бұл іске үш адам күдікке ілінген еді. Олардың біреуі 17-де. Ал Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық пен адам өлтіру бойынша екі адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Оқиға бойынша Әділет Сәкенұлы мен марқұм Алмас арасында жандал туып, соның салдарынан Әділет пен Әділжан Шілдебаев қоғамдық тәртіпті бұзып, жәбірленушіге пышақ жарақатын салған.

Сот үкімі бойынша екі адам сотталып, Әділет Сәкенұлы 10 жылға, Әділжан Шілдебаев 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үшінші күдікті Ермос Маркленов толығымен босатылған.

Сотталушылар кінәларын мойындамады.

“Сот алқабилердің қатысуымен қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде олардың мінездемесінің оң болуы және сотталушының кәмелетке толмағаны ескерілді. Алқабилердің қатысуымен сот Д.-ның әрекеттерін бұзақылық ниетпен адам өлтіруден басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату бойынша  қайта саралау қажет деген қорытындыға келді”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысының ҚІжМАС баспасөз қызметі.

“Бір сотталушы адам өлтіру мен бұзақылық бойынша, екіншісі тек бұзақылық бойынша айыпталды. Сол үшін сот алқабилер алқасының қатысуымен ашық дауыс беру арқылы біреуіне 10 жылға бас бостандығынан айыру, екіншісіне 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз хатшысы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.