Прокуратура павлодарлық кәсіпкерге мемлекеттен қарыз алуға көмектесті

Павлодар облысының Успен ауданында «БИК» ШҚ инвестиция сомасы 3,1 млрд теңгеге 20 жаңа жұмыс орнын құратын 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жобасын іске асыруда.

Бас прокуратураның мәліметінше, бүгінгі таңда кәсіпкер жобаға шамамен 1 млрд теңге өз қаражатын салған. Алайда, нысанды салу кезінде инвестор мемлекеттік қарыз алу проблемасына тап болды.​ ​

«Осыған байланысты аудан прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырды, онда инвесторға кредитті ресімдеу және қажетті құжаттарды жинау мәселелері бойынша жәрдем көрсетілді.​ ​ ​

Нәтижесінде шаруа қожалығына 500 млн теңге сомасында кредиттік қаражат берілді (бірінші транш)», — деп жазды бақылаушы органнан.

Осы ақшаға инвестор Ресейден және Еуропа елдерінен қажетті құрылыс материалдарын сатып алуды жоспарлап отыр.