«Кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз»: бельгиялықтар асырап алған балаға қатысты тың дерек шықты

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты өз парақшасына тағы бір деректі жазды.

Журналист тағы бір тест нәтижесі теріс шыққанын айтты.

«Болжамды 2-анадан алынған тест нәтижесі тағы да 0 пайыз. Арығарай кеттік. Жәнібек, сенің кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз. Біз тоқтамаймыз», — деп жазды ол.