«Өлгендер қайтып келмейді.» ҚТЖ сыйақы бермейді…

Фото: egemen.kz

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарында көлік прокурорлары жұмыс істемейтін 742 қызметкерге 10 миллион теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді, деп хабарлайды “Өзгеріс” ақпараттық-сараптамалық порталы. Адырна ұлттыұ порталына сілтеме беріп

Оның айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы зейнеткерге жеті жыл бойы қайтыс болғаннан кейін ақша төлеген.

«Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы зейнеткерлікке шыққан теміржолшылардың ата-анасын қосу арқылы оларға бес жыл бойы 1 миллион теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйақылар берді. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде заңсыз төленген сомаларды қайтару шаралары қабылданып, тексерулер тағайындалды», делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.