Із-түзсіз жоғалып кеткен белгілі боксшы Серік Нұрқазов табылды

Алматыда жоғалып кеткен 64 жастағы боксшы Серік Нұрқазов аман-есен табылды.

«1959 жылы туған С.Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды. Бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылған еді», — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Спортшының қайдан табылғаны жайлы ақпарат айтылмаған.