Венгрияда жүрген Димаш қазақтың әнін орындады

Танымал қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген қызыл фортепианода қазақтың «Құсни, Қорлан» әнін орындап жатқанының видеосын салды.

Венгрияда гастрольдік сапармен жүрген Димаш Құдайберген музыкалық инструменттер арқылы демалатынын байқау қиын емес. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол «Құсни, Қорлан» әнін орындап отырған видеосын жариялады.

Қазір Венгриядамын. Жұмыс кезінде халық әніне айналып кеткен «Құсни, Қорлан» әнін орындауды жөн көрдім, – деп жазды Димаш.