Зерендіде «Jas Camp Aqmola-2023» қысқы лагері өтті

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығы «Jas Camp Aqmola-2023» екі күндік облыстық жастарды оқыту лагерін өткізді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

«Jas Camp Aqmola-2023» — ауқымды облыстық іс-шара, оның шеңберінде қатысушыларға тәжірибе алмасу, өңірлерде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу дағдыларына оқыту, жобалау жұмысы, ұжымдық ой-талқы жүргізудің инновациялық әдістерін және өмірлік стратегияларды қалыптастырудың жаңа технологияларын меңгеру мүмкіндігі берілген.

Шараның мақсаты Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының волонтерлік орталықтарын, жастар бірлестіктерін тарту және біріктіру, волонтерлік және жастар ұйымдарының қызметтерін дамытуға, нығайтуға және қолдауға, табысты ерікті практикаларды позициялауға, облыста жұмыстың жаңа нысандарын дамытуға, жастар көшбасшылары мен үздіктерін анықтауға бағытталған көп компонентті диалог алаңын өткізу.

Алғашқы күні, ашылу салтанатында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Сабырхан Кенжебаев, облыстық маслихат депутаты – Сұлтанбек Бекешев,  Қазақстан студенттері Альянсының атқарушы директоры – Аружан Бахитова, «JasUlanTeam» республикалық еріктілер корпусының басшысы – Ақбота Ақмамбет, облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының басшылары, еріктілер, сондай-ақ жастар ұйымдарының көшбасшыларынан құралған жалпы 120-дан астам жастар қатысты.

«Бүгінгі шара өз жұмыстары мен жобаларын таныстыруға, өз әлеуетін ашуға арналған әмбебап алаңға айналады деген ойдамын. Маңызды жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізіп, уақыттың барлық сын-тегеуріндеріне тамаша жауап бере отырып, қоғамдық, спорттық және әлеуметтік бағыттағы қызметтерде табысты іске асырып келе жатқаныңыздарды атап өткен жөн. Еліміздің болашағы — еліміздің даңқты тарихының болашағын айқындайтын жарқын да жігерлі жастар. Біз сіздерді мақтан тұтамыз!» — дейді өз сөзінде облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

Лагерь екі бағыт, біріншісі «Көшбасшы қасиеттерін дамыту семинар-тренинг» бағыты болса, екіншісі «Areket TIME» еріктілер бағыты бойынша іске асырылды. Сондай-ақ, спикер ретінде Қосшы қаласының ЖРО директоры – Ақылбек Данабекұлы, Атбасар ауданының ЖРО директоры – Камила Рысбекова, Целиноград ауданының ЖРО директоры – Жания Жанабекова, «Қызыл ай» қоғамдық қорының мүшесі – Асхат Уаисов, «Қазақстан студенттер Альянсы» Ақмола облыстық филиалының мүшесі – Милана Сайлаубаева және т.б. қатысушыларға дәріс өткізді. Сонымен қатар, шара барысында зиярткерлік ойындар, бард кештері ұйымдастырлыды.

Іс-шараның екінші күні, жабылу салатанында әр қатысушыға қатысқаны үшін сертификаттар табысталып, Жастар ресурстық орталықтарының басшыларына және спикерлерге Ішкі саясат басқармасы басшысы А.Алиннің атынан алғыс хаттармен марапатталды.