«Кеудемнен бір ұрғандай болды». Әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфулиин Жолбарысқа не үшін ренжіп жүргенін айтты

Әнші Бақыт Шадаева «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасында әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен арасындағы реніші туралы сөз қозғады.

Оның айтуынша, әндерін рұқсатсыз алған.

«Ер азамат кішкене аузын жауып жүрсе болады ғой. Біз кішкене қызбыз кейде артық айтып қойып жатамыз. Бар шындық менде. Кейде ызаланып кетесің, артық сөз айтып қоясың. Өнерде жүрген әріптес талантты жігіт. Өкпелеген себебім, барлық әндерімді менің рұқсатымсыз басқаларға таратып берді. Оның алдында не жағдаймен келгенін білесіздер. Бұл мен үшін кеудемнен бір ұрғандай болды. Дегенмен, берген әнінің бір әні де шыққан жоқ», — деді ол.