Шымкент тұрғыны қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан

Шымкентте полицейлер үш притонды жойды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

ҚР ІІМ мәліметінше, арнайы операция жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. 31 жастағы әйел притон ұйымдастыру үшін қала аумағында 3 пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған. Онда интимдік қызмет көрсететін 10 қыз болған, оның біреуі кәмелет жасқа толмаған қыз екені белгілі болды. Олар Шымкент, Тараз, Алматы, Қостанай қалаларының тұрғындары.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында ірі мөлшерде мефедрон тәркіленді.

Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) мен ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген мәліметте.

Күдікті әйел қамауға алынды.

Фото: polisia.kz