Білім беру саласы

Негізгі басымдық үшауысымды оқыту мен орын тапшылығын жою болып табылады. 2023 жылдың басында облыста 52 үшауысымды мектеп болды. Биыл 14,4 мың орынға арналған 15 мектеп тапсырылады. Келесі жартыжылдықта тағы 4 мектеп беріліп, үшауысымды мектептер 39-ға дейін қысқарады.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2024-25 жылдары 54,6 мың орындық 53 мектеп салынады.
«Білім-инновация» және «Қазақстан халқына» қорларымен бірлесіп «Табысты 50 мектеп» атты бірегей жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 756 млн. теңге бөлінген. 50 мектептің 3,8 мың ұстазы біліктілігін арттыру курстарынан өтсе, 58 мыңнан астам оқушы кешенді оқуымен қамтылды.
Жоба аясында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 50 мектепке 1,5 млрд. теңгеге физика, химия және биология пәндерінің 150 зертхана кабинеттері алынуда.
Биыл мектеп оқушыларына арналған 34 автобус сатып алынды.