Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген сәби көз жұмды

Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Ата-ананың дұрыс қарамауынан тағы бір бала қайтыс болды, — деп жазды Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.

Айтуынша, аурухананың бас дәрігері сағат 18:39-да нәрестенің жүрегі тоқтап қалғанын мәлімдеген.